Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында "Жас сақшы" сыныбы ашылды

Жас ұрпақты отансүйгіштікке баулу, құқықтық мәдениетін қалыптастыру және құқық қорғау органдары қызметіне деген қызығушылығын арттыру мақсатында Жамбыл облысында маңызды бастама жүзеге асырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қолдауымен Тараз қаласындағы №3 мектеп-лицейінде "Жас сақшы" сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Аталған жоба – өскелең ұрпақтың бойында жауапкершілік, тәртіп және адалдық сынды қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. "Жас сақшы" сыныбына қабылданған оқушылар алдағы уақытта құқық қорғау саласының қыр-сырын меңгеріп, заңға құрметпен қарау, қоғам алдындағы борышты сезіну секілді құндылықтарды бойына дарытады.

Іс-шара барысында сала ардагерлері мен қызметкерлері оқушыларға ақ тілектерін арнап, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы қызметтің маңызын атап өтті. Сондай-ақ жас сақшылар арнайы ант қабылдап, Отанға адал қызмет етуге дайын екендерін білдірді.

Бұл игі бастама – жас буынға дұрыс бағып көрсетіп, олардың болашақта ел мүддесіне қызмет ететін саналы азамат болып қалыптасуына жол ашатын маңызды жоба. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті алдағы уақытта да осындай тәрбиелік мәні зор іс-шараларды жүйелі түрде жалғастыруды көздеп отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру