Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада полиция студенттермен профилактикалық кездесу өткізді

Қызылордада полиция студенттермен профилактикалық кездесу өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

“Заң және тәртіп” тұжырымдамасы аясында Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі мен М.Мәметов атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің жатақханасында студенттермен кездесу өткізді. Іс-шараға қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын түсіндіру және қоғамдық тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру.

Тәртіп сақшылары студенттерге құқық бұзушылықтың алдын алу жолдарын түсіндіріп, заң алдындағы жауапкершілік туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар жастар арасында жиі кездесетін буллинг, кибербуллинг, интернет қауіпсіздігі, лудомания, нашақорлық және зорлық-зомбылық мәселелері кеңінен талқыланды.

Шара барысында есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылықтар үшін қарастырылған заң талаптары мен қылмыстық жауапкершілік шаралары түсіндіріліп, жастарға сақтық пен жауапкершіліктің маңыздылығы айтылды.
Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, полиция қызметкерлерімен ашық пікір алмасты. Мұндай профилактикалық шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз қоғам қалыптастыруға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру