Алматы облысында жауынгерлік қарудан ату бойынша республикалық турнир өтті
Алматы облысында жауынгерлік қарудан ату бойынша республикалық турнир өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
13-14 мамыр күндері Алматы облысы Заречный ауылындағы әскери бөлімнің оқу-жаттығу полигонында ҚР Ішкі істер министрлігі күзет қызметін бақылау комитетінің мамандандырылған күзет қызметі бөліністері арасында жауынгерлік қарудан ату бойынша республикалық турнир өткізілді.
Республикалық турнирге еліміздің барлық облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармаларынан 19 команда қатысты. Күзет қызметкерлерінің қаруды дәл және қауіпсіз қолдану дағдыларын жетілдіру, қару қолданудың қауіпсіздік талаптарын нығайту және қызметтік міндеттерін сапалы орындау мақсатында ұйымдастырылған жарысқа қатысушылар турнирдің барлық талаптарын қатаң орындады.
Турнир қорытындысы бойынша ҚР ІІМ КҚБК Алматы қаласы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының командасы 1-орынды иеленді. 2-орынды ҚР ІІМ КҚБК Астана қаласы МКҚБ, 3-орынды ҚР ІІМ КҚБК Солтүстік Қазақстан облысы МКҚБ командалары жеңіп алды.
Жеңімпаз командаларға Қазақстан Республикасы ІІМ күзет қызметін бақылау комитеті төрағасының атынан дипломдар табысталды.
Күзет қызметкерлерінің атыс дайындығын жетілдіру олардың кәсіби шеберлігін арттыруға ықпал етеді. Бұл жолғы турнир сонымен қатар қызметкерлер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, ұжымдық рухты көтерді.
