Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Түнгі қаладағы балалар”: Қызылорда облысында профилактикалық кездесу өткізілді

Қызылорда облысында профилактикалық кездесу өткізілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі Ж.Жабаев атындағы №234 орта мектепте “Түнгі қаладағы балалар” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында “Заң мен тәртіп – дамудың және әділеттіліктің кепілі” тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараға Ж.Жабаев атындағы №234 орта мектеп пен №288 орта мектептің ата-аналары, жоғары сынып оқушылары қатысты.

Кездесуге аудандық прокуратураның прокуроры Еркебұлан Қанатбек, аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов, Қазалы аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы М.Бегалиева, Қазалы ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау капитаны С.Бүркіт, сондай-ақ Әйтеке би кентіндегі мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Жиын барысында жастар арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті нығайту мәселелері кеңінен талқыланды. Сала мамандары оқушыларға заң алдындағы жауапкершілік, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың салдары, буллинг пен киберқауіпсіздік бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ювеналды полиция тобының аға инспекторы М.Бегалиева мен аудандық прокуратураның прокуроры Е.Қанатбек “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің басты кепілі – заң талаптарын сақтау екенін атап өтті.

Өз кезегінде аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов мектептегі тәрбие жұмысы мен білім беру үдерісінің заң талаптарымен тығыз байланысты екенін айтып, оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда мұғалім мен ата-ананың рөлі ерекше екенін жеткізді. Сонымен қатар баланың тұлға болып қалыптасуында отбасы, мектеп және қоғамның ортақ жауапкершілігі зор екенін атап өтті.

Аталған кездесу жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, заңға құрметпен қарауға және қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру