Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полицейлер қаза тапқан әріптесінің қызын мектеп бітіруімен құттықтады

Алматы полицейлері қаза тапқан әріптесінің қызын мектеп бітіруімен құттықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының полиция қызметкерлері қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан әріптесінің қызы — мектеп түлегі Іңкәр Сейсенді құттықтады.

Қызметтік борышын өтеу барысында қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсету аясында Алматы қаласы полиция департаменті үлкен өмірге қадам басқан балаларға ерекше назар аударып келеді. Биыл да ведомство 2025-2026 оқу жылының мектеп түлектеріне қолдау білдірді.

Солардың бірі — патрульдік полиция полкі рота командирінің орынбасары Ұлан Тұрлыбековтің қызы Іңкәр Сейсен. Ұлан Тұрлыбеков 2013 жылдың 31 қаңтарында қызметтік міндетін атқару кезінде жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқан.

Алматы қаласы полиция департаментінің басшылығы Іңкәрді мектеп бітіруімен құттықтап, оның табандылығы мен өмірге деген жігерін ерекше атап өтті. Сонымен қатар жас түлекке алдағы өмір жолында сәттілік тілеп, әрдайым қолдау көрсетуге дайын екендерін жеткізді.

Ведомство мәліметінше, қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан немесе мүгедектік алған ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсету жұмыстары тұрақты түрде жалғасуда. Әріптестердің балаларына қамқорлық таныту — полиция қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі.

— Бұл — біз үшін жай ғана ресми қолдау емес. Қызметтік борышын өтеу кезінде өмірін қиған әріптестеріміздің отбасыларына жанынан табылу — ортақ міндетіміз. Әріптестеріміздің балалары — біздің мақтанышымыз әрі болашағымыз. Іңкәрдің жетістіктеріне шын жүректен қуаныштымыз және алда оны жарқын болашақ күтіп тұрғанына сенеміз. Біз әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз, — деді Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Әділғожа Құсайынов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру