Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде соңғы қоңырау қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Ақтөбеде соңғы қоңырау қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқу жылының аяқталуына арналған іс-шаралар қарсаңында Ақтөбе қаласында полицияның кешенді күштерінің гарнизондық саптық тарамы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты– соңғы қоңырау кезінде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Гарнизондық тарамға Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ардана Саймағамбетов қатысып, қоғамдық тәртіпті сақтауға жұмылдырылған полиция қызметкерлеріне арнайы нұсқама өткізді.

Ардана Саймағамбетов қызметкерлерге кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етужәне мерекелік іс-шаралар кезінде төтенше жағдайларға жол бермеу бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды. Әсіресе жастар көп жиналатын орындарда, саябақтарда, жағалаулар мен ойын-сауық орындарында бақылауды күшейту қажеттігі атап өтілді.

— Аталған іс-шараларға барынша жауапкершілікпен қарап, мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажет, – деді Ардана Саймағамбетов.

Полиция түлектерді, ата-аналар мен педагогтарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіпті бұзбауға және мерекелік іс-шараларды жауапкершілікпен ұйымдастыруға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру