Қостанайда "Қауіпсіз жол" іс-шарасы барысында жалған мемлекеттік нөмір пайдаланған жүргізуші анықталды
Қостанайда "Қауіпсіз жол" іс-шарасы барысында жалған мемлекеттік нөмір пайдаланған жүргізуші анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін пайдаланып көлік басқару фактісін анықтап, жолын кесті.
Тексеру барысында көлік тізгінінде өңірдің 36 жастағы тұрғыны болғаны белгілі болды. Аталған дерек бойынша әкімшілік іс қозғалып, автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.
Полиция жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін пайдалану Қазақстан Республикасы заңнамасын өрескел бұзу болып саналатынын ескертеді. Мұндай құқық бұзушылық үшін заң аясында тиісті жауапкершілік қарастырылған.
