Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда тұрғындарға есірткіге қарсы ақпараттық жадынама таратылды

Атырауда тұрғындарға есірткіге қарсы ақпараттық жадынама таратылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысында есірткі қылмысының алдын алу және халықтың ақпараттық сауаттылығын арттыру бағытындағы іс-шаралар өз жалғасын табуда. Осы орайда Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және қоғамдық қауіпсіздік басқармасы қала тұрғындары көп шоғырланатын орындардың бірі — “Насиха” ірі ойын-сауда орталығында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық жадынама парақтарын таратты. Іс-шара барысында тұрғындарға есірткі заттарының қауіптілігі, олардың адам ағзасына және психикасына тигізетін зияны туралы кеңінен ақпарат берілді. Бір күннің ішінде 200-ден астам ақпараттық жадынама таратылды.

Полиция қызметкерлері тұрғындарды есірткіден аулақ болуға және өз денсаулығы мен болашағын қорғауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру