“Жастар — есірткіге қарсы”: Абай облысында 200-ге жуық спортшының қатысуымен облыстық турнир өтті
Абай облысында 200-ге жуық спортшының қатысуымен облыстық турнир өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысында “Жастар есірткіге қарсы” тақырыбында киокушинкай каратэдан облыстық турнир өтті. Спорттық додаға өңірдің әр аймағынан 200-ге жуық жас спортшы қатысып, татамиде өздерінің шеберлігі мен жігерін көрсетті.
Тартысты өткен жарыста үздік өнер көрсеткен спортшылар жүлделі орындарға ие болды. Жас каратэшілер жеңіске деген ұмтылысымен, тәртібімен және төзімділігімен ерекшеленді.
Шараның басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа қызығушылықты арттыру және есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту.
Жарысты ұйымдастыруға Абай облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қолдау көрсетті. Полиция қызметкерлері жарыс жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыстап, жас спортшыларды жеңістерімен құттықтады.
Спорт – денсаулықтың ғана емес, есірткісіз болашақтың да берік негізі!
