Қарағандыда полиция қызметкерлері арасындағы ең мықты боксшылар анықталды
Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлері арасында өткен алғашқы республикалық бокс чемпионаты өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Төрт күнге созылған тартысты додада еліміздің түкпір-түкпірінен келген 25 команданың құрамындағы 200-ден астам полиция қызметкері бақ сынады.

Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында өткен жарыс үздік спортшыларды анықтап қана қоймай, ішкі істер органдары қызметкерлері арасындағы кәсіби байланысты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және корпоративтік бірлікті арттыруға мүмкіндік берді.
Чемпионаттың жабылу салтанатына Қарағанды облысы полиция департаментінің басшылығы, спорт саласының өкілдері мен ардагерлері және құрметті қонақтар қатысты.

Жарысқа қатысушылар мен жеңімпаздарды Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұркен Нуатов құттықтап, турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және спортшылардың кәсіби дайындығын ерекше атап өтті.

Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Қуаныш Орынбетов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, сондай-ақ чемпионатты ұйымдастыруға қолдау көрсеткен серіктестерге алғыс білдірді.
– Ең алдымен, ішкі істер органдарында спортты дамытуға тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің басшылығына және осындай ауқымды чемпионатты өткізуге мүмкіндік жасағаны үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Сонымен қатар жарысты жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқан Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Қазақстан бокс федерациясына ерекше алғыс айтамын.
Бұл чемпионат тек мықтыларды анықтайтын жарыс қана емес. Ол еліміздің әр өңірінен келген полиция қызметкерлерін бір арнаға тоғыстырып, достық қарым-қатынасты нығайтуға және кәсіби тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік берді, – деді Қуаныш Орынбетов.
Чемпионаттың мәртебесін арттырған ерекше жайттардың бірі – белгілі спортшылардың қатысуы болды.
Құрметті қонақтардың қатарында танымал қазақстандық боксшы Серік Елеуов те болды.
Салтанатты шара барысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер ғана емес, жарыстың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан ұйымдастырушылар, төрешілер, демеушілер мен серіктестер де марапатталды.

Төрт күнге созылған тартысты жекпе-жектердің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер келесі салмақ дәрежелері бойынша анықталды:
60 келіге дейінгі салмақта:
1-орын – Нығметолла Молдашев (ШҚО);
2-орын – Абылай Шайкен (Қарағанды облысы);
3-орын – Нұржан Серік (Ақтөбе облысы) және Хабиболла Қайырбек (Атырау облысы);
65 келіге дейінгі салмақта:
1-орын – Дәулет Сейдалиев (Алматы облысы);
2-орын – Алмаз Зейнуллов (Астана қаласы);
3-орын – Заманбек Данабеков (Ақтөбе облысы) және Күсем Аққұзов (Ақмола облысы);
70 келіге дейінгі салмақта:
1-орын – Айдар Сайлаубеков (Абай облысы);
2-орын – Айдос Ержанұлы (Шымкент қаласы);
3-орын – Рамазан Жанжархан (Қызылорда облысы) және Әлішер Сейдуалиев (Қарағанды облысы);
75 келіге дейінгі салмақта:
1-орын – Нұрхан Өміртай (Астана қаласы);
2-орын – Ислам Махашов (Жамбыл облысы);
3-орын – Айдар Ташев (Павлодар облысы) және Нұрасыл Дахбай (Ұлытау облысы);
80 келіге дейінгі салмақта:
1-орын – Қанағат Маралов (Абай облысы);
2-орын – Қазыбек Сапенов (Атырау облысы);
3-орын – Бекжігіт Иса (Астана қаласы) және Әмір Төлеуов (Ақмола облысы);
85 келіге дейінгі салмақта:
1-орын – Шаймұрат Құсайынов (Павлодар облысы);
2-орын – Кенжеболат Түймебек (Шымкент қаласы);
3-орын – Мақсат Кисеке (Қарағанды облысы) және Елдос Шанкенов (Алматы қаласы);
90 келіге дейінгі салмақта:
1-орын – Онталап Рахманов (Қызылорда облысы);
2-орын – Рүстем Искаков (Жетісу облысы);
3-орын – Нұрсұлтан Жақыпов (Солтүстік Қазақстан облысы) және Михаил Татыков (Қарағанды облысы);
90 келіден жоғары:
1-орын – Нұржан Бекзатов (Шымкент қаласы);
2-орын – Дарын Берікжанов (Абай облысы);
3-орын – Нұрлан Сабиров (Маңғыстау облысы) және Айбек Ерметов (Түркістан облысы) иеленді.
Жалпыкомандалық есепте Абай облысы полиция департаментінің құрамасы чемпион атанды.
Екінші орынды Шымкент қаласы полиция департаментінің командасы иеленсе, үздік үштікті Астана қаласы полиция департаментінің құрамасы түйіндеді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, кубоктармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ішкі істер органдары қызметкерлері арасындағы алғашқы республикалық бокс чемпионаты қазақстандық полицейлердің жоғары дене дайындығы мен спорттық шеберлігін айқын көрсетіп, ведомствоның спорттық өміріндегі маңызды оқиғаға айналды.
