Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда отбасы құндылықтарын дәріптеген тағылымды шара өтті

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында Тараз қаласындағы "Қазақ хандығы" мемориалдық кешенінде "Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" республикалық акциясы шеңберінде ауқымды флешмоб ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның басты мақсаты – әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, отбасы құндылықтарын дәріптеу және қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кез келген түріне төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.

Флешмобқа полиция қызметкерлері, қоғам белсенділері, жастар ұйымдарының өкілдері, студенттер мен мектеп оқушылары қатысты. Қатысушылар бірлік пен ынтымақтың, өзара құрмет пен жауапкершіліктің маңызын насихаттап, зорлық-зомбылықсыз қоғам құруға үндеді.

Шара барысында театрландырылған қойылымдар көрсетіліп, музыкалық композициялар орындалды. Сонымен қатар, мейірімділік, өзара сыйластық, отбасы берекесі мен қауіпсіз қоғам құндылықтары кеңінен дәріптелді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар қоғам назарын өзекті мәселелерге аударып қана қоймай, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және отбасы институтын нығайтуға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру