Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында балалар мерекесіне орай спорттық шара өтті

Ақтөбе облысы полиция департаментінде Балаларды қорғау күні қарсаңында көңілді спорттық жарыс ұйымдастырылды. Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Ақтөбе облысы полиция департаментінде балаларға арналған "Көңілді старттар" спорттық-ойын сауық іс-шарасы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Мерекелік шараға полиция қызметкерлерінің балалары қатысып, түрлі эстафеталар мен спорттық жарыстарда өз бақтарын сынады. Қатысушылар жылдамдық, ептілік, тапқырлық және командалық рухтарын көрсетіп, жарыс барысында ерекше белсенділік танытты.

Балалар үшін қызықты ойындар мен спорттық сайыстар ұйымдастырылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын мерекелік бағдарлама ұсынылды. Жарысқа қатысқан әрбір бала қуанышқа бөленіп, жарқын әсер алды.

Іс-шара барысында департамент басшылығы бүлдіршіндерді келе жатқан мерекемен құттықтап, оларға зор денсаулық, бақытты балалық шақ, оқуда табыс және жарқын болашақ тіледі. Жарыс қорытындысы бойынша қатысушыларға естелік сыйлықтар мен тәттілер табысталды. Мұндай шаралар балалардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға, сондай-ақ отбасы құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді. Мерекелік іс-шара көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, балаларға ұмытылмас әсер мен шаттық сыйлады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру