Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында полицейлер 6 жастағы баланың арманын орындады

Жамбыл облысында полицейлер 6 жастағы баланың арманын орындады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алты жасар ерекше баланың анасының айтуынша, ұлы көптен бері полицейлермен танысып, патрульдік автокөлікпен серуендеуді армандаған.

Полиция қызметкерлері бұл өтінішке бей-жай қарамай, балаға ұмытылмас күн сыйлауды ұйғарды. Мұхаммед полицейлермен бірге патрульдік көлікке отырып, қала ішінде серуендеді.

Сонымен қатар, оған ойыншық полиция көлігі, әуе шарлары мен мерекелік торт тарту етілді.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, бұл күні олар үшін ең үлкен марапат – баланың шынайы эмоциясы, бақытты күлкісі мен көзіндегі қуаныш болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру