Жамбыл облысында мерген полицейлер анықталды
Жамбыл облысында Халық қаһарманы Ғазиз Байтасов атындағы оқу-жаттығу полигонында полиция қызметкерлері арасында жауынгерлік қарудан ату бойынша жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараны ПД бастығының орынбасары Мұхтар Аманбеков сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сайысқа облыстың барлық аумағынан жалпы саны 33 қызметкерден тұратын 11 команда қатысып, мергендік пен кәсіби дайындықтарын сынға салды.
Нәтижесінде АК-74 автоматынан оқ ату бойынша ерлер арасындағы жеке есепте І орынды ПД арнайы бөлінісінің аға инспекторы Мадияр Алимкешов жеңіп алды.
Макаров тапаншасынан оқ ату бойынша ерлер арасында І орынды ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағының взвод командирі Асқар Ахметов иеленді.
Әйелдер арасында Макаров тапаншасынан ату сайысында І орынды ПД арнайы бөлінісінің аға инспекторы Айжан Ракишова иеленді.
Жалпы командалық есепте І орынды Меркі аудандық полиция бөлімі, ІІ орынды Тараз қаласы полиция басқармасы иеленсе, үздік үштіктен Талас аудандық полиция бөлімі көрінді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді ПД бастығының орынбасары Ораз Жолдасов дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
