Көлік полицейлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай көліктегі полиция департаментінде салтанатты іс-шара өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ведомствоның жеке құрамы әкімшілік ғимарат алдында сапқа тұрып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы Мемлекеттік Әнұран әуенімен салтанатты түрде көтерілді.
Департамент бастығының орынбасары Оңдасын Аштаев Мемлекеттік Туды көтеру рәсіміне қатысып, жиналғандарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады. Ол өз сөзінде бұл мерекенің халқымыздың тәуелсіздігін, бірлігі мен қуатын білдіретін ерекше күн екенін атап өтті.

– Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет – Отанға деген сүйіспеншілік пен оның құндылықтарына адалдықтың айқын көрінісі. Мемлекеттік рәміздер бізді ел игілігі жолында адал қызмет етуге жігерлендіріп, мемлекетіміз бен оның жетістіктерін мақтан тұту сезімін нығайтады, – деді Оңдасын Аштаев.
Іс-шара жеке құрамның салтанатты шерумен өтуімен аяқталды. Бұл ұжымның бірлігі мен тәртібін, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығын айқын көрсеткен тағылымды рәсім болды.
