Атырау облысында су айдындарындағы қауіпсіздік бойынша түсіндіру шарасы өтті
Атырау облысында су айдындарындағы қауіпсіздік бойынша түсіндіру шарасы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы полиция департаменті мен Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің қатысуымен шомылу маусымындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бірлескен профилактикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында тұрғындарға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, балаларды қараусыз қалдырмау, рұқсат етілмеген жерлерде шомылмау жөнінде су жағалауында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
