Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұз тұрғындарына интернет-алаяқтықтан сақтану жолдары түсіндірілді

Екібастұз тұрғындарына интернет-алаяқтықтан сақтану жолдары түсіндірілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласы әкімінің шағынаудандар тұрғындарымен кездесуінде қалалық полиция басқармасының бастығы Төлеген Құдайбергенов интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында ол алаяқтардың жиі қолданатын тәсілдері туралы айтып, олардың өзін банк қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері немесе мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері ретінде таныстыратынын атап өтті. Сондай-ақ азаматтардың банк шоттарына заңсыз қол жеткізу арқылы ақшалай қаражатты иемдену деректеріне ерекше назар аударды.

Төлеген Құдайбергенов тұрғындарды барынша қырағы болуға шақырып, бөгде адамдарға растау кодтарын, банк карталарының деректерін, құпиясөздерді және өзге де жеке мәліметтерді еш жағдайда бермеу қажеттігін ескертті. Оның айтуынша банк қызметкерлері мен мемлекеттік органдардың өкілдері мұндай құпия ақпаратты телефон арқылы ешқашан сұрамайды.

Кездесу соңында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, интернет-алаяқтардың арбауына түспеу және жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары бойынша қажетті кеңестер алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру