Елордада қоғамдық тәртіпті бұзған тұрғын жауапқа тартылды
Елордада қоғамдық тәртіпті бұзған тұрғын жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері елордадағы аялдама павильондарының бірінде қоғамдық тәртіпті бұзу дерегі түсірілген бейнежазбаны анықтады.
Әйел адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Оның қолындағы заттың ойыншық автомат екені анықталды. Заң аясында тиісті шара қолданылды.
Полиция қоғамдық тәртіпті бұзатын және азаматтардың алаңдаушылығын тудыратын кез келген әрекет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жазаға әкеп соғатынын ескертеді.
Полиция елорда тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық тәртіп нормаларын сақтауға және айналасындағыларға құрметпен қарауға шақырады.
