Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұрланған қаражат иесіне қайтарылды: Павлодар облысында ауыл тұрғыны полицейлерге алғыс білдірді

Павлодар облысы Успен ауданы полиция бөліміне жергілікті тұрғын Денис Тиссеннен бейнеалғыс келіп түсті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол аға тергеуші Мақсат Дүйсембаев пен аға жедел уәкіл Мейрам Темірбековке шынайы ризашылығын жеткізді.

– Алғыс айтуыма ұрлық қылмысының жедел ашылуы себеп болды. Тимирязев ауылындағы тұрғын үйімнен белгісіз адамдар ақшалай қаражатымды ұрлап кеткен еді. Мен бірден полицияға жүгіндім. Өтінішімді қабылдағаннан кейін полиция қызметкерлері дереу іздестіру жұмыстарын бастады. Жедел уәкіл мен тергеушінің үйлесімді әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында қылмысқа қатысы бар адам қысқа мерзім ішінде анықталды. Ұрланған қаражат толық көлемде қайтарылды. Әрбір адам үшін қиын жағдайда қорғанысқа ие екенін және көмекке сене алатынын білу маңызды. Қызметтеріңіз бен жедел әрекеттеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіремін, – дейді Денис Тиссен.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, азаматтардан келіп түсетін осындай кері байланыс пен шынайы алғыс сөздері тәртіп сақшылары үшін ерекше маңызды.

Мұндай бейнеүндеулер жеке құрамның қызметке деген жауапкершілігін арттырып, олардың еңбегіне қосымша ынта береді. Сонымен қатар олар әділдіктің салтанат құрып, құқық бұзушылықтардың ашылатынын тағы бір мәрте дәлелдейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру