БҚО-да полиция велосипед ұрлығының бірнеше дерегін ашты
Абай полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қала аумағында жасалған велосипед ұрлығының бірнеше дерегін ашты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Анықталғандай, күдікті тұрғын үйлердің аулаларында, базар аумағында және сауда орталығының маңында иелерінің қарауынсыз қалдырылған велосипедтерді ұрлаған. Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 250 мың теңгеден асты.
Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол – 44 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ұрланған үш велосипед тәркіленіп, заңды иелеріне қайтарылды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Полиция азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады: сенімді ұрлыққа қарсы құралдарды қолдану, велосипедтерді қоғамдық орындарда қараусыз қалдырмау туралы ескертеді.
