Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұрпаққа өнеге болған полиция ардагері: Жоламан Әкімовтің қызмет жолы

Қазақстан полициясы күні қарсаңында Ертіс ауданының ардагерлері мен полиция қызметкерлері ішкі істер органдарының ардагері Жоламан Әкімовке алғыс білдіріп, құрмет көрсетті. Оның ғұмыры – қызметке адалдықтың, кәсібиліктің және азаматтық борышқа беріктіктің жарқын үлгісі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жоламан Тұяқұлы құқық қорғау органдарындағы еңбек жолын 1974 жылы бастады. Алғашқы қызметін Павлодар облыстық ІІБ жол-патрульдік қызметінің мемлекеттік автоинспекторы ретінде атқарды. 1993 жылы Ертіс аудандық ішкі істер бөлімінің аталған бөлімшесіне басшылық етті.

Көп жылғы қызметінде ол жоғары кәсіби біліктілігін, салмақты шешім қабылдай білетіндігін және ұжымды тиімді ұйымдастыра алатын қабілетін көрсетті. 1998 жылы полиция капитаны шенінде құрметті еңбек демалысына шығып, әріптестерінің зор құрметіне ие болды.

Көп жылғы адал еңбегі үшін бірқатар ведомстволық наградалармен марапатталды. Ал 2018 жылы оған "Ертіс ауданының құрметті азаматы" атағы берілді.

Ардагердің ерекше мақтанышы – оның тату отбасы. Жұбайы Ұмсынған Бариқызымен бірге алты бала тәрбиелеп өсірді. Бүгінде олардың әулетін 17 немере мен 4 шөбере жалғастырып келеді.

Қоғамға қызмет ету дәстүрін отбасының жас буыны да лайықты түрде жалғастыруда. Ұлы Тимур 12 жылдан астам уақыт бойы Ертіс аудандық полиция бөлімінде кезекші бөлімнің аға инспекторы қызметін атқарып келеді. Ал немересі Данияр Башаров мемлекеттік автоинспектор болып қызмет етеді.

Кәсіби мереке қарсаңында әріптестері Жоламан Әкімовке көпжылдық еңбегі, мамандығына адалдығы және ауданның құқық қорғау жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін алғыстарын білдірді. Ардагерге зор денсаулық, бақ-береке ұзақ ғұмыр тіледі.

Өз кезегінде Жоламан Әкімов әріптестеріне көрсеткен ықыласы мен жылы лебіздері үшін ризашылығын білдіріп, қызметтегі полиция қызметкерлеріне табыс, кәсіби жетістіктер және отбасылық амандық тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру