Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада полиция департаменті басшысының орынбасары ЕҰУ түлектеріне диплом табыстады

Астана қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Арман Атанов ЕҰУ түлектеріне диплом тапсыру рәсіміне қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Арман Атанов Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің заң факультеті түлектеріне диплом тапсырудың салтанатты рәсіміне қатысты.

Арман Атанов жас мамандарды оқуын сәтті аяқтауларымен құттықтап, олардың таңдаған мамандығы заң, әділдік және қоғамға қызмет ету қағидаттарына негізделген маңызды сала екенін атап өтті.

Іс-шара барысында ол заң үстемдігін нығайтуға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қоғамда жоғары құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған "Заң мен тәртіп" идеологиясының маңызын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру