"Жолға шықсам қазіргі әріптестеріме қызыға қараймын": жол полициясының ардагері кәсіби көзқарасымен бөлісті
Ақтөбе облысында жол полициясының ардагері кәсіби көзқарасымен бөлісті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ерлан Алтынбаев – Ақтөбе облысында жол полициясы саласында ширек ғасырдан астам қызмет еткен полиция ардагері.
Ол еңбек жолын ауылдық жерде қарапайым инспектор қызметінен бастап, кәсіби біліктілігі мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында облыстық жол полициясы қызметінің басшылығына дейін көтерілді.
Бүгінде зейнеткерлік демалыста жүрген Ерлан Қалабайұлы күн сайын көшеге шыққанда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы өзгерістерге назар аударатынын айтады. Оның сөзінше қазіргі полиция қызметкерлерінің кәсіби даярлығы, заманауи техникалық жарақтандырылуы мен қызметтік мүмкіндіктері ерекше қызығушылық тудырады. Сондықтан ол бүгінгі қызмет пен өз кезеңіндегі жұмысты жиі салыстырып, саланың даму қарқынын кәсіби тұрғыдан бағалап отырады.
Старшина шенінен полковник дәрежесіне дейінгі еңбек жолын абыроймен өткерген ардагер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіндегі өзгерістер, полиция қызметінің бүгінгі келбеті және қоғамдағы тәртіп мәселелері жөнінде өз ойын ортаға салды.
Ардагердің кәсіби тәжірибесі мен өмірлік ұстанымы, сондай-ақ жол қауіпсіздігіне қатысты пайымдары көпшілік үшін қызықты әрі тағылымды болары сөзсіз.
Толығырақ Ерлан Алтынбаевтың естеліктері мен пікірлерін бейнематериалдан тамашалай аласыздар.
