Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында ПД қызметкерлері "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына қатысты

Республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында Маңғыстау облысы полиция департаментінің қызметкерлері қоршаған ортаның тазалығын сақтау және елді мекендерді абаттандыру мақсатында сенбілік жұмыстарын ұйымдастырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға Маңғыстау облысы полиция департаментінің бастығы Сағындық Аяғанов арнайы қатысып, табиғатқа жанашырлық таныту мен белсенді азаматтық ұстанымның маңыздылығын жеке үлгісі арқылы көрсетті.

Сенбілік барысында тәртіп сақшылары қоғамдық аумақтарды қоқыстан тазартып, көшелер мен іргелес аймақтарды ретке келтіру жұмыстарын жүргізді. Мұндай бастамалар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ туған өлкенің тазалығына әр азаматтың жауапкершілікпен қарауын арттыруға ықпал етеді.

Акция қатысушыларына үндеу жасаған Сағындық Аяғанов:

- Тазалық – әр адамның өзінен басталады. "Таза Қазақстан" акциясы – жай ғана сенбілік емес, туған жерге, қоршаған ортаға және келер ұрпаққа деген құрметтің айқын көрінісі. Біз өз іс-әрекетіміз арқылы табиғатты қорғау мен тазалықты сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін көрсетуіміз керек, – деді.

Маңғыстау облысы полиция департаменті алдағы уақытта да өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға және қоғамдық маңызы бар бастамаларды қолдауға белсенді түрде атсалыса беретінін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру