Астанада полицейлер тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады
Қазақстан полициясы күні аясында Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері елорда тұрғындары мен қонақтарына арнап Арбат сахнасында мерекелік концерт ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Концерт барысында полиция қызметкерлері музыкалық шығармалар орындап, әсерлі сахналық қойылымдар ұсынып, өздерінің шығармашылық қырларын көрсетті.
Мерекелік кеш көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап қана қоймай, тәртіп сақшыларын жаңа қырынан танытты. Қала тұрғындары оларды азаматтардың қауіпсіздігін күн сайын қамтамасыз ететін кәсіби мамандар ретінде ғана емес, өнерге жақын, талантты жандар ретінде де көре алды. Көрермендер әрбір өнер нөмірін ыстық ықыласпен қабылдап, қошемет көрсетті.

Қазақстан полициясы күніне арналған мерекелік бағдарлама қала тұрғындары мен тәртіп сақшыларын бір арнаға тоғыстырып, өзара құрмет пен сенімнің, бірлік пен ынтымақтың жарқын көрінісіне айналды.

