Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытауда өткен этнофестивальде есірткіге қарсы кең ауқымды акция ұйымдастырылды

Ұлытау облысында өткен ауқымды "Көкмайса – 2026" этнофестивалі аясында есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған кең көлемді профилактикалық акция ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шара барысында 10 мыңнан астам тұрғын мен өңір қонақтарына салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ұлытау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері фестиваль аумағында арнайы ақпараттық-түсіндіру алаңын ұйымдастырып, келушілермен ашық форматта кездесу өткізді.

Акция барысында азаматтарға есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы үшін заңнамада көзделген жауапкершілік түсіндіріліп, нашақорлықтың адам денсаулығына, отбасы мен қоғамға тигізетін зияны туралы кеңінен ақпарат берілді.

Сонымен қатар фестиваль қонақтары арасында әлеуметтік сауалнама жүргізіліп, есірткінің зияны мен оның құқықтық салдары туралы мәлімет қамтылған ақпараттық жадынамалар таратылды.

– Бұл шараның басты мақсаты – қоғамның, әсіресе жастардың есірткіге қарсы берік ұстанымын қалыптастыру. Салауатты өмір салтын таңдау әрбір азаматтың саналы шешіміне айналуы тиіс, – деп атап өтті полиция қызметкерлері.

10 мыңнан астам адамды қамтыған бұл акция Ұлытау облысында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған ең ауқымды профилактикалық іс-шаралардың біріне айналды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру