Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шомылу маусымы: полиция судағы қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады

Жетісу облысының полиция департаменті тұрғындарды судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және өз өмірі мен жақындарының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысында шомылуға рұқсат етілген 4 орын белгіленген. Олар – Талдықорған қаласының қалалық жағажайы, Алакөл ауданындағы Ақши және Көктұма жағажайлары, сондай-ақ Сарқан ауданындағы Балқаш көлінің жағалауы.

Полиция азаматтарды тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген жағажайларда ғана шомылуға, балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмауға, алкогольдік ішімдік ішкен күйде суға түспеуге, сондай-ақ қауіпсіздік белгілері мен құтқарушылардың талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

– Құрметті ата-аналар! Балалардың өмірі мен денсаулығы – ең алдымен сіздердің жауапкершіліктеріңіз. Бір сәттік салғырттық орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін, – деді полиция қызметкерлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру