Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда сотталған балалар Астана күні мен Ұлттық домбыра күнін атап өтті

Алматыда сотталған балалар Астана күні мен Ұлттық домбыра күнін атап өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

6 шілде – Астана күніне және Ұлттық домбыра күніне орай Алматы қаласы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №11 мекемесіндегі сотталған балалар арасында салтанатты кеш ұйымдастырылды.

Кеш барысында Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Санжар Сейсенбаев пен Рақым Мұхамедәли қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы домбыраның қасиеті мен Астана қаласының тарихы туралы әңгіме өткізіп, көрнекті қала туралы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Аталған іс-шара кезінде сотталған балалар Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің ел астанасын ауыстыру туралы Жарлығымен, Қазақстан Республикасының қала мәртебесі туралы Заңымен және Астана қаласының қазіргі келбетімен, жетістіктерімен танысты.

Сондай-ақ кітапханашылар жазалы жасөспірімдер арасында Астана қаласы туралы викториналық сұрақтар ұйымдастырып, жеңімпаз балалар сыйлыққа кітаптар алды.
Іс шара соңында мекеменің тәрбие бөлімінің бастығы Бағдат Талапбаев балаларға қызықты сәт сыйлаған қонақтарға мекеме бастығының Алғыс хатын тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру