Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полицей дөңгелегі жарылған көлік жүргізушісіне көмектесті

Атырауда полицей дөңгелегі жарылған көлік жүргізушісіне көмектесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

4 шілде күні сағат 10:00 шамасында республикалық маңызы бар Атырау – Орал тасжолында қызмет атқару барысында патрульдік полиция ротасының аға инспекторы Ернар Қайржанов жол жиегінде тоқтап тұрған автокөлікті байқайды.

Әйел жүргізуші мінген көліктің дөңгелегі жарылып, сапарын әрі қарай жалғастыру мүмкін болмай қалған. Мұны байқаған тәртіп сақшысы бірден көмекке келіп, дөңгелекті жақын маңдағы шиномонтаж орталығына апарып жөндетеді. Кейін оны қайта әкеліп, автокөлікке орнатып береді. Осылайша жүргізуші сапарын қауіпсіз жалғастыруға мүмкіндік алды.

Дер кезінде көрсетілген көмекке риза болған азаматша полиция қызметкеріне шынайы алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру