Атырауда қала тазалығын сақтау бағытындағы бақылау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп жатыр
Атырау қаласында қоғамдық орындардың тазалығын сақтау бағытындағы бақылау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы Әйтеке би көшесіндегі Хамит Ерғалиев атындағы ескерткіш маңында азаматтың қоғамдық орында темекі тұқылын арнайы белгіленбеген жерге тастағаны анықталды.
Аталған құқық бұзушылық бойынша полиция қызметкерлері 23 жастағы азаматтың жеке басын анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, қоршаған ортаны ластамауға және тазалық мәдениетін қалыптастыруға шақырады.
Әрбір азаматтың жауапкершілігі – өңірдің тазалығы мен тәртібіне қосқан үлесі.
