Жетісу облысы полиция департаментінде жас қызметкерлермен кездесу өтті
Жетісу облысы полиция департаментінде жас қызметкерлермен кездесу өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу облысы полиция департаментінде қызмет өтілі үш жылға дейінгі жас қызметкерлердің қатысуымен “Заң мен тәртіп” қағидатын ілгерілету және “Адал азамат” құндылықтарын қалыптастыру тақырыбында кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – жас қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін арттыру, қызметтік тәртіпті нығайту және халыққа адал қызмет ету қағидаттарын дәріптеу.
Іс-шара барысында “Заң мен тәртіп” қағидатының маңыздылығы, қызметтік әдеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, ұлттық және отбасылық құндылықтар, тәлімгерлік институтының рөлі, салауатты өмір салты, полиция қызметкерінің оң имиджін қалыптастыру және әлеуметтік желілердегі жауапкершілік мәселелері талқыланды. Сондай-ақ қатысушыларға 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясындағы негізгі өзгерістер түсіндірілді.
Кездесуге Жетісу облысы Ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерік Болатаев қатысып, жас қызметкерлерге кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, адал қызмет ету, тәртіп пен заңдылықты сақтау жөнінде тағылымды әңгіме өрбітті.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, еркін пікір алмасты.
