Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД-да жедел кеңес өтті

Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінде 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметтік жұмыстың қорытындысы шығарылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметтік жұмыстың қорытындыларына арналған жедел кеңес өтті. Кеңеске департамент бастығы Дәулет Рахымбеков төрағалық етті.

Іс-шараға департамент басшылығы, аппарат қызметкерлері, ведомстволық бағынысты мекемелердің бастықтары, сондай-ақ пробация қызметтерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Кеңес барысында осы жылдың алғашқы алты айындағы жұмыс қорытындылары шығарылып, жедел-қызметтік қызметтің нәтижелері қаралды. Қол жеткізілген көрсеткіштерге жан-жақты талдау жүргізіліп, өзекті мәселелер айқындалды және 2026 жылдың екінші жартыжылдығына арналған жұмыстың басым бағыттары белгіленді.

Қызметтік тәртіпті нығайту, заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі құқықтық тәртіпті күшейту, пробация қызметтерінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ қызметтік жұмысты ұйымдастыруды жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Департамент бастығы аумақтық бөлімшелердің жұмысына объективті баға беріп, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді айқындады. Сондай-ақ басшылардың назарын анықталған кемшіліктерді жою, қызметтік міндеттерді сапалы орындау және қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін нақты әрі тиімді шаралар қабылдау қажеттігіне аударды.

Сонымен қатар кеңеске қатысушыларға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі алқасының 2026 жылғы 3 шілдедегі шешімі жеткізіліп, оны іске асырудың негізгі бағыттары айқындалды және қылмыстық-атқару жүйесі бөлімшелерінің қызметінде қабылданған шешімдердің орындалуын қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер жүктелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру