Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция су айдындарында рейдтік іс-шаралар өткізді

Полицейлер су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында рейдтер өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында полиция қызметкерлері Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және олардың профилактикасын күшейту мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізді.

Рейд барысында Сайрам ауданындағы су айдындары маңындағы тұрғындар арасында судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау, су пайдалану талаптарын бұзбау, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалардың ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қарауынсыз су айдындарында болуына жол бермеу жөнінде кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Полицейлер тұрғындарды судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, балаларды қараусыз қалдырмауға және олардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру