Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар күшейтілді

Қызылорда облысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар күшейтілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысының аумағында “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілерінің жолын кесу және жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара аясында Қызылорда облысы полиция департаменті “Жолда қабылдау” акциясын ұйымдастырып, жүргізушілермен тікелей кездесулер өткізді. Акция барысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заң талаптарын түсіндіру және азаматтардың сұрақтарына жауап беру жұмыстары жүргізілді.

Шараға Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ермахан Абдраманов қатысып, жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Жедел-профилактикалық іс-шара барысында барлығы 1250 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

— Жол қауіпсіздігін тек әкімшілік жауапкершілікке тарту арқылы қамтамасыз ету мүмкін емес. Басты мақсатымыз – азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осыған байланысты барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз, – деді Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ермахан Абдраманов.

Полиция барлық жол қозғалысына қатысушыларды заң талаптарын бұлжытпай орындауға, өзара сыйластық танытуға және жолдағы қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру