Алакөлде қауіпті жағдайға тап болған екі адам құтқарылды
Алакөлде қауіпті жағдайға тап болған екі демалушы құтқарылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға Абай облысы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері мен облыстық ТЖД қызметкерлерінің бірлескен патрульдеуі кезінде болған.
Қызметкерлер су ортасында қалып қойған азаматтарды дер кезінде эвакуациялап, жағаға аман-есен жеткізді.
Айта кету керек, бұған дейін Алакөл жағалауына жұмыс сапары барысында Абай облысы полиция департаментінің бастығы Эльдар Данияров пен Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Манарбек Шапағатов су айдыны мен жағалау аумағында бірлескен патруль ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған еді.
Қабылданған шешім қысқа мерзім ішінде өзінің тиімділігін көрсетті. Бірлескен патрульдеу барысында екі адамның өміріне төнген қауіптің алдын алып, оларды дер кезінде құтқару мүмкін болды.
Абай облысында демалыс маусымы кезеңінде полиция мен төтенше жағдайлар қызметінің бірлескен патрульдеуі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде жүргізілуде.
