Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында полицейлер балаларға арналған профилактикалық сабақ өткізді

Қостанай облысында полицейлер балаларға арналған профилактикалық сабақ өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Қауіпсіз балалық шақ" республикалық акциясы аясында Қостанай облысы полициясының қызметкерлері "Алтын-гүл" сауықтыру лагерінде демалып жатқан балаларға профилактикалық іс-шара өткізді.

Полицейлер балаларға жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, жол қозғалысы қағидаларын орындау, көшеде, аулада және су айдындарының маңында абай болу қажеттігі туралы түсінікті әрі қызықты түрде айтып берді. Сондай-ақ төтенше жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін түсіндірді.

Іс-шараның ең қызықты бөлігі – балалардың полиция қызметімен жақынырақ танысуы болды. Қызметкерлер патрульдік автокөлікті көрсетіп, оның жабдықталуы мен күнделікті қызмет барысында қолданылатын арнайы құралдар туралы әңгімеледі. Балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, полиция қызметінің ерекшеліктерімен танысты.

Осындай кездесулер балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін күн сайын қамтамасыз етіп жүрген полиция қызметіне деген сенімді нығайтуға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру