Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да тәртіп сақшылары азаматтарға киберқауіпсіздік ережелерін түсіндіруде

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері күнделікті профилактикалық іс-шаралар барысында тұрғындарға интернет және телефон алаяқтарынан сақтану жолдарын түсіндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары қауіпсіздік ережелерін әрбір азаматқа қолжетімді жеткізуге ерекше көңіл бөледі. Осы мақсатта өзге ұлт өкілдеріне ақпаратты түсіндіру үшін телефондағы аударма қосымшалары пайдаланылады. Бұл тәсіл тілдік кедергіні еңсеруге және маңызды ақпараттың барша тұрғынға бірдей жетуіне мүмкіндік береді.

Полиция қызметкерлері азаматтарға интернет және телефон алаяқтарының жиі қолданатын айла-тәсілдері, жеке деректерді қорғау жолдары, банк карталарының қауіпсіздігі және киберқауіпсіздіктің негізгі талаптары туралы жан-жақты ақпарат береді. Сонымен қатар белгісіз адамдардың түрлі сылтаумен ақша аудартуға немесе жеке мәліметтерді алуға бағытталған әрекеттеріне сенбеу қажеттігін ескертеді.

Мұндай профилактикалық жұмыстардың басты мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, алаяқтықтың алдын алу және әр азаматтың цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Себебі интернет-алаяқтық тілге де, ұлтқа да қарамайды, сондықтан қауіпсіздік ережелері баршаға ортақ.

Полиция тұрғындарды қырағы болуға шақырады. Белгісіз адамдардың талап етуімен ақша аудармаңыз, банк картасының деректерін, SMS-кодтар мен құпиясөздерді ешкімге бермеңіз. Күмәнді жағдай туындаған жағдайда әңгімені бірден тоқтатып, ақпараттың дұрыстығын тек ресми дереккөздер арқылы тексеріңіз.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру