Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-да қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлермен кездесу өтті
Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлермен кездесу өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Кездесу барысында қылмыстық-атқару жүйесі органдарына қызметке қабылдау туралы бұйрыққа қол қойылып, 60-тан астам жас қызметкер салтанатты түрде қызмет қатарына қабылданды. Қызметке қабылданған жас мамандарға тәжірибелі мамандар тарапынан тәлімгерлер бекітіліп, қызметтің қыр-сырына үйрету тапсырылды.
Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Ерлан Ұзақов жас қызметкерлерді құттықтап, қызметтік тәртіпті қатаң сақтап, заң талаптарын бұлжытпай орындауға, антқа адал болып, өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқаруға шақырды.
Кездесу соңында жас қызметкерлерге алдағы қызметтеріне сәттілік тілеп, кәсіби біліктіліктерін шыңдап, халық сеніміне лайық қызмет ететініне сенім білдірді.
