Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздары жоғалған телефонды иесіне жедел қайтарды

ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздары жоғалған телефонды иесіне жедел қайтарды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қызметін атқарып жүрген Ұлттық ұланның “Шығыс” өңірлік қолбасшылығына қарасты 5512 әскери бөлімінің әскери жасағы жоғалған телефонды тауып, оны аз уақыттың ішінде заңды иесіне қайтарды.

Оқиға сағат 20:34 шамасында Лермонтов көшесі бойында тіркелді. Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Дидар Қайыржан аллея маңындағы жол жиегінде жатқан Vivo телефонын байқап қалады. Құрылғыны қолына алған сәтте оған өзге нөмірден қоңырау түседі. Белгілі болғандай, бұл жоғалған телефонның иесі екен.

– Телефонымды қаланың басқа ауданында жоғалтып алдым. Қуаты таусылмағандықтан, танысымның телефоны арқылы қайта-қайта хабарласып отырдым. Біраз уақыт ешкім жауап бермеген соң үмітім үзіле бастаған еді. Бір сағаттан кейін қоңырауыма жауап беріліп, Ұлттық ұлан сарбаздары қай жерде екендерін айтып, телефонымды аман-есен табыстады. Осындай адалдық пен жауапкершілік танытқан жауынгерлерге шынайы алғысымды білдіремін, – дейді телефон иесі.

Ұлттық ұлан әскери қызметшілері күн сайын қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, азаматтардың мүлкін сақтауға және құқықтық тәртіпті нығайтуға да өз үлестерін қосып келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру