Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

250 миллион теңге қарыз: Павлодарда борышкердің тіркемелері тәркіленді

Павлодар облысында берешегі бар азаматтарды заң талаптарын орындауға міндеттеу және сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Кезекті рейд барысында Павлодар қаласында КамАЗ жүк көліктерінің бірнеше тіркемесі анықталып, арнайы тұраққа қойылды. Олардың иесіне қатысты мүлікке тыйым салу туралы қаулы шығарылған. Азаматтың түрлі міндеттемелер бойынша жалпы берешегі 250 млн теңгеден асады.

– Берешек толық өтелгеннен кейін ғана тіркемелер заңды иесіне қайтарылады. Бұл – сот актілерін орындауды қамтамасыз етуге бағытталған шара, – деді Павлодар қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының инспекторы Тимур Хисматуллин.

Полиция азаматтарға өздеріне қатысты берешектерді уақытылы өтеуге және сот шешімдерін орындауға шақырады. Қарызды өтеуді кейінге қалдыру мүлікке тыйым салынуына немесе оны мәжбүрлеп алып қоюға әкелуі мүмкін.

Сонымен қатар полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және көлік құралдарын пайдалану кезінде заң талаптарын орындауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру