Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде қоңырау шаламын деп баланың телефонын қолды қылған ер адам ұсталды

Ақтөбеде қоңырау шаламын деп баланың телефонын қолды қылған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға 10 жастағы баланың ата-анасы арызданып, базар маңында бейтаныс ер адамның баладан "бір қоңырау шалайын" деген сылтаумен телефонын сұрап алып, оқиға орнынан кетіп қалғанын хабарлаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Ол – 46 жастағы ер адам.

Күдікті өз кінәсін мойындап, алған телефонды базарда сатып жібергенін түсіндірді.

Аталған дерек бойынша алаяқтық фактісімен тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция ескертеді: бейтаныс адамның "телефон бере тұрыңыз, қоңырау шалайын" деген өтінішіне сақтықпен қараңыз. Егер шынымен көмек қажет болса, қажетті нөмірге өзіңіз хабарласып беруді ұсыныңыз. Телефонды бөтен адамның қолына ұстата салу – қымбатқа түсуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру