Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық акция өтті

Елордада LRT станциясында интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық акция өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері LRT станцияларының бірінде азаматтардың интернет-алаяқтықтың заманауи түрлері және цифрлық қауіпсіздікті сақтау шаралары туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған профилактикалық акция өткізді.

Іс-шара барысында станция жолаушылары мен келушілері арасында блиц-сауалнама ұйымдастырылып, тұрғындардың интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдері туралы ақпараттану деңгейі бағаланды. Полиция қызметкерлері азаматтардан күмәнді телефон қоңырауларына, фишингтік сілтемелерге, банктердің атынан келетін жалған хабарламаларға, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі алаяқтық әрекеттерге тап болған-болмағанын сұрады.

Акцияның басты ерекшеліктерінің бірі ретінде көпшіліктің назарын робот-ит аударды. Жоғары технологиялық құрылғы жолаушылардың ерекше қызығушылығын тудырып, интерактивті атмосфера қалыптастырып, полиция қызметкерлері мен тұрғындар арасындағы ашық қарым-қатынасқа ықпал етті. Көптеген азамат роботпен естелікке суретке түсіп, блиц-сауалнамаға белсенді қатысты.

Заманауи технологияларды пайдалану профилактикалық іс-шараны әсіресе жастар мен балалар үшін қолжетімді, есте қаларлық әрі тиімді өткізуге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру