Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері Абай мұрасын дәріптеді
10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері ақынның шығармашылық мұрасын насихаттауға бағытталған тағылымды іс-шара өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара барысында департамент қызметкерлері Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беріп, ақынның әдеби мұрасы туралы білімдерін ортаға салды. Ал №37 және №68 мекемелерінің қызметкерлері Абайдың өлеңдерін жатқа оқып, домбырамен ақынның әндерін орындады.
Тағылымды кездесу барысында Абай шығармашылығының адамгершілік, білім, еңбек және елге қызмет ету сынды құндылықтарды дәріптеудегі маңызына ерекше назар аударылды. Қызметкерлер ұлы ақынның рухани мұрасына деген құрметтерін білдіріп, оның тағылымды ойларының бүгінгі қоғам үшін де өзектілігін атап өтті.
– Абай Құнанбайұлының шығармалары – ұлттың рухани қазынасы. Ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздері жас ұрпақты ғана емес, мемлекеттік қызметшілерді де адалдыққа, білімге, еңбекқорлыққа және елге қызмет етуге үндейді. Сондықтан Абай мұрасын насихаттау – ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызды бағыттарының бірі. Осындай тағылымды бастамалар қызметкерлердің рухани дүниесін байытып, ұлттық мәдениетке деген құрметін арттыра түседі, – деді Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлімше бастығы Әлішер Беркінбеков.
