Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полиция балалар мен демалушыларды қорғау мақсатында су айдындарында рейд жүргізуде

Жаздың ыстық күндері өңірдің су айдындары көптеген демалушыны басын қосады. Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері басқа да мүдделі ведомстволармен бірлесіп, тұрақты түрде алдын алу жұмыстарын жүргізіп келеді. Шомылу маусымы басталғалы бері облыста 800-ге жуық рейд ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшыларының басты мақсаты — тұрғындарға ескерту жасап, демалыс кезіндегі тәртіпті еске салу. Шомылуға тыйым салынған бейресми жағажайларға және балалардың қауіпсіздігін қадағалауға ерекше назар аударылады.

Тексеру барысында полицейлер ересектердің қарауынсыз қалған кәмелетке толмағандарды жиі анықтап, азаматтардың масаң күйде су айдындарының маңында жүру деректеріне жол бермейді.

Полиция еске салады:

– Тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарда ғана шомылу керек;

– балаларды су жанында қараусыз қалдырмаңыз;

– мас күйінде суға түспеңіз;

– шағын көлемді кемелерді пайдалану кезінде құтқару кеудешелерін міндетті түрде кию керек.

Әрбір адамның қауіпсіздігі ең алдымен жеке жауапкершілігіне байланысты. Полиция өңір тұрғындары мен қонақтарынан өзін және жақындарын сақтауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру