Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД қызметкерлері іздеуде жүрген борышкерді Шымкенттен тапты

ШҚО ПД қызметкерлері атқарушылық міндеттемелерін орындаудан жалтарып жүрген кезекті борышкердің орналасқан жерін анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласы Полиция басқармасының көші-қон қызметі бөліміне жеке сот орындаушысынан борышкерді іздестіру туралы қаулы келіп түскен.

Анықталғандай, 31 жастағы әйел 2025 жылдың желтоқсан айынан бері қала тұрғыны алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтарып келген. Оның берешек сомасы 1 миллион теңгеден асқан.

Көші-қон қызметінің қызметкерлері жүргізген іздестіру іс-шаралары нәтижесінде борышкердің орналасқан жері анықталды. Әйел Шымкент қаласынан табылды.

Борышкердің орналасқан жері туралы мәліметтер берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау үшін сот орындаушысына жолданды.

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері іздеуде жүрген 65-тен астам борышкердің орналасқан жерін анықтаған.

Полиция азаматтарға атқарушылық құжаттардың талаптарын орындамау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді.

Құқық қорғау органдары азаматтарды өз міндеттемелерін уақытылы орындап, берешек мәселесін заң аясында шешуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру