Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда ұрланған магнит ықтимал бірнеше қылмыстың алдын алуға мүмкіндік берді

Қарағандыда бутиктен арнайы магнит ұрлаған күдікті ұсталды. Полиция оның аталған құралды басқа сауда орындарындағы ұрлыққа қарсы құрылғыларды шешіп, тауар ұрлау үшін пайдалануды жоспарлағанын анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға жергілікті сауда үйлерінің біріндегі бутикте болған. Сауда нүктесінің 46 жастағы иесі полицияға белгісіз адамның ұрлыққа қарсы жүйелерді шешуге арналған арнайы магнитті алып кеткені туралы арызданған. Оқиға сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталып, ол ұсталды. 50 жастағы Қарағанды тұрғынының жеке тінтуі кезінде ұрланған магнит табылып, тәркіленді. Аталған зат қылмыстық іс бойынша заттай дәлел ретінде тіркелді.

Тергеу барысында күдікті өз кінәсін мойындаған. Оның айтуынша, магнитті басқа бутиктердегі ұрлыққа қарсы құрылғыларды шешіп, сауда орындарынан тауар ұрлау үшін пайдаланбақ болған.

Осылайша, полиция қызметкерлерінің жедел әрекеті ықтимал бірнеше ұрлықтың алдын алуға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру