Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД мекемесінің сотталғандары спорттық іс-шараға қатысты

Спорт күніне арналған іс-шаралар аясында Қарағанды облысы бойынша және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД №36 мекемесінің сотталғандары Абай қаласында өткен спорттық іс-шараға қатысты, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында қатысушыларға танымал қазақстандық боксшы, әлем чемпионы Абылайхан Жусуповтың жетекшілігімен спорттық жаттығу ұйымдастырылды.

Сотталғандар жаттығуға белсенді қатысып, спортшымен еркін пікір алмасуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар жоғары нәтижелерге қол жеткізуде тәртіптің, ерік-жігердің, табандылықтың және өз-өзімен тұрақты жұмыс істеудің маңыздылығы туралы пайдалы ақпараттармен бөлісті.

Мұндай іс-шараларды өткізу сотталғандар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, дене шынықтыру мен спортты дамытуға, оң өзгерістерге деген ынтаны қалыптастыруға, сондай-ақ босатылғаннан кейін қоғамға табысты қайта бейімделуіне бағытталған.

— Спорт адамды тәртіпке, жауапкершілікке және табандылыққа тәрбиелейді. Осындай іс-шараларға қатысу сотталғандардың бойында оң көзқарас қалыптастырып, өмірін өзгертуге деген ынтасын арттыруға ықпал етеді, — деп атап өтті мекеме бастығы Шайкенов Е.К.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру