Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда салауатты өмір салтын насихаттайтын іс-шара өтті

Өткен демалыс күндері Павлодар қаласында спортты профилактикалық бағытпен ұштастырған "Turtle Fest" іс-шарасы өтіп, спорт әуесқойларын, белсенді жастарды және салауатты әрі белсенді өмір салтын таңдаған барша тұрғындарды біріктірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара "Павлодар — есірткісіз қала" ұранымен өтті.

Бағдарлама қала көшелерімен велошеруден басталды. Қатысушылар Павлодар қаласының көшелерімен велосипедпен жүріп өтіп, белсенді өмір салтының денсаулыққа пайдасымен қатар, адамдармен араласуға, бірлікке және бос уақытты тиімді өткізуге мүмкіндік беретінін өз үлгілерімен көрсетті.

Фестивальдің басты оқиғасы кермеге тартылудан өткен турнир болды. Спорт алаңында әртүрлі жас санатындағы қатысушылар бас қосты.

18 жасқа дейінгі жас санатында Расул Мигранов жеңімпаз атанса, 18-ден 29 жасқа дейінгі қатысушылар арасында Айзар Бердибаев үздік нәтиже көрсетті. Жеңімпаздар спорттық велосипедтермен марапатталды. Бұл — спорттағы жетістіктері мен белсенді өмір салтын таңдағаны үшін берілген символикалық сыйлық.

- Мұндай іс-шаралар профилактикалық жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады. Біздің міндетіміз — есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алып қана қоймай, жастарға спортты, белсенді әрі салауатты өмір салтын таңдауға мүмкіндік жасау. Осындай бастамалар өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал етеді және есірткі мен басқа да зиянды әдеттерсіз қызықты әрі мазмұнды уақыт өткізуге болатынын көрсетеді, — деді Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Ирина Тимиргалиева.

"Turtle Fest" іс-шарасының жарқын қорытындысы қатысушылар мен қонақтарды біріктірген концерттік бағдарлама болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру