Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстандық полицей қазақ күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Әзербайжан астанасы Баку қаласында 22–23 тамыз күндері қазақ күресінен ересектер арасындағы XII әлем чемпионаты өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Байрақты бәсеке заманауи "Baku Sports Palace" спорт кешенінде ұйымдастырылды. ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, дүбірлі додаға әлемнің 30-ға жуық елінен 300-ден астам балуан қатысты.

Екі күнге созылған жарыс барысында ерлер мен әйелдер арасында 16 салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпиондары мен жүлдегерлері анықталды.

90 келі салмақ дәрежесінде Қызылорда облысы ПД ЖҚАЖ қызметкері Еңбек Сақтағанов жүлделі III орынға ие болып, қазақ күресінен әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды.

Қызмет пен спортты қатар алып жүрген полицейдің бұл жетістігі – табандылық пен кәсіби шеберліктің жарқын үлгісі.

Еңбек Сақтағановты айтулы жетістігімен құттықтап, алдағы спорттық додаларда толағай табыс тілейміз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру