Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жақсылыққа жол ашқан игі дәстүр: Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері балаларға қолдау көрсетті

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жыл сайын тамыз айында дәстүрлі түрде "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Акцияның негізгі мақсаты – жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға көмек көрсетіп, балаларды мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге қолдау білдіру.

Биылғы акция барысында көпбалалы, мүгедектігі бар балалар тәрбиелеп отырған және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға мектепке қажетті оқу құралдары мен керек-жарақтар табысталды. №68 мекеме ұжымы еріктілермен бірге қайырымдылық бағытындағы жұмыстарды жыл бойы жалғастырып келеді. Әлеуметтік жағдайы төмен және көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік өнімдерін табыстау, тұрмыстық қажеттіліктеріне қолдау көрсету бағытында да түрлі қайырымдылық шаралары ұйымдастырылуда.

Мекеме қызметкерлері үшін қайырымдылық – бір реттік акция емес, жыл сайын жалғасын тауып келе жатқан игі дәстүр. Соңғы 5 жыл ішінде 30-дан астам балаға "Мектепке жол" акциясы аясында көмек көрсетілді.

Жақсылық жасау – үлкен мүмкіндік емес, үлкен жүректен басталады. Әр баланың мектепке алаңсыз барып, жаңа оқу жылын қуанышпен бастауы – баршаға ортақ міндет.

№68 мекеме ұжымы алдағы уақытта да қайырымдылық және әлеуметтік қолдау бағытындағы игі істерін жалғастыра бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру